- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Ерлердің қуатын арттырады"....
"Ерлердің қуатын арттырады". Дәрігер құйрық майдың пайдасы жайлы айтты
Фото:
pixabay.com
Невролог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында құйрық майдың пайдасы жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігер Ұлжалғас Сманованың айтуынша, құйрық май мынадай пайдалы заттарға бай:
- Аминқышқылдар;
- А, Е, В дәрумендері;
- Мырыш, селен, фосфор, натрий және магний минералдары.
Сондай-ақ дәрігер құйрық майдың пайдасы жайлы айтты:
- Ағзада жаңа гормондар тузеді;
- Асқазан-ішек жолдары қызметін жақсартады;
- Өтті сұйылтады және оның дұрыс бөлінуіне жағдай жасайды;
- Ерлердің қуатын арттырады;
- Сәби сүйгісі келетін әйелдерге ең күшті ем.
А. Жапатова"Ата-бабамыз құйрық майдың пайдасын бұрыннан білген. Ең жақсы жері өсімдік майын жоғары температурада қыздыру зиян болса, құйрық майға қатты ыстық әсер етпейді. Қуырасыз ба, шикілей жейсіз бе, қақтайсыз ба - табиғи құрамы сол күйі қалады", - деп жазды Ұлжалғас Сманова.