Ер адамдарға жүйелі түрде профилактикалық тексерулерден өтіп тұру және несеп-жыныстық жүйеге байланысты шағымдар пайда болған кезде урологқа қаралудан ұялмау ұсынылады. Уролог Павел Низин "Известия"-ға қандай белгілер дәрігерге қаралуға себеп екенін айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Егер зәр шығару жиіленіп кетсе немесе зәр шығару кезінде ауырсыну пайда болса, сондай-ақ түнде әжетханаға бір реттен көп баратын болсаңыз, дәрігерге қаралуды кейінге қалдырмау керек. Зәр түсінің өзгеруі, оның қан аралас болуы, әжетханаға барғанда ауырсыну, қуық толық босамағандай сезімнің болуы да маманға қаралу керегін білдіреді", - дейді уролог.
Мұндай шағымдар әртүрлі аурулар жайлы айтуы мүмкін, олардың пайда болуының нақты себебін тек дәрігер анықтай алады. Ерлер арасында жиі простата қабынуы және несеп жолы каналының аурулары (уретрит) кездеседі.
Дәрігердің айтуынша, зәр шығарудың жиіленуі, ауырсыну, зәрдің аз мөлшері жедел простатит кезінде пайда болады. Науқастар дене температурасының көтерілгенін байқауы мүмкін. Әдетте простатит жыныстық жолмен берілетін инфекциямен байланысты емес және ол ішек таяқшасын жұқтырған кезде пайда болуы мүмкін.
Маман қазір онкологиялық ауруларға аса мән берілетіндіктен, ерлерге простата қатерлі ісігінің тексерісінен өтуді ұсынды.
Сондай-ақ урологтың айтуынша, ұмадағы жағымсыздық, жыныстық органдардағы бөртпе және олардың зақымы да урологқа қаралуға себеп.
"Ерлер саулығын барынша ұзаққа дейін сақтау үшін алдын алу шаралары көмектеседі. Дәрігерлер тұз бен кофеин мөлшерін азайтуды және алкогольден бас тартуды ұсынады. Дұрыс тамақтану, толыққанды демалу, жүйелі түрде физикалық белсенділікпен айналысу маңызды. Оған қоса, табиғи маталардан тігілген ыңғайлы іш киім кию керек", - деп кеңес берді Павел Низин.
Оқи отырыңыз: Бауырды сақтау үшін жеу керек 7 өнім