- Негізгі бет
- LifeStyle
- Ерлерде тестостерон аз...
Ерлерде тестостерон аз екенін көрсететін 10 белгі
Тестостерон – ерлер денсаулығын сақтауда маңызды рөл атқаратын гормон. Тестостеронның аз болуы ер адамның эмоциялық және физикалық жағдайына, өмір сапасына жағымсыз әсер етуі мүмкін. Ер адамда тестостерон аз екенін қалай түсінуге болады?
Жыныстық құмарлықтың төмендеуі
Төмен тестостерон деңгейінің кең тараған белгісі - жыныстық құмарлықтың (либидо) төмендеуі. Тестостероны аз ер адамның жыныстық қатынасқа қызығушылығы төмен болады.
Эректильді функциясының нашарлауы
Тестостеронның төмен деңгейі эректильді функцияға әсер етуі мүмкін. Ерлер эрекцияға жетуде және ұстауда проблемалар сезуі мүмкін. Ал бұл жыныстық белсендікке әсер етеді. Алайда эрекциямен байланысты проблеманың басқа да себептері болуы мүмкін.
Шаршаңқылық және энергияның болмауы
Тестостеронның төмен деңгейі шаршаңқылыққа және ер адамның энергиясының азаюына әкелуі мүмкін. Олар жақсы ұйықтап алса да, үнемі шаршап жүруі мүмкін. Бұл оның өнімділігіне әсер етеді.
Бұлшықет массасын жоғалту
Тестостерон ер адамның бұлшықет массасы мен күшін сақтау үшін маңызды рөл атқарады. Егер ер адамдарда тестостерон аз болса, ода бұлшықет массасының жоғалуы және күштік көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады.
Көңіл күйдің өзгеруі
Егер тестостерон деңгейі төмен болса, ер адамдар ашуланшақ болып кетуі, оның көңіл күйі нашарлауы, депрессия пайда болуы, мотивациясы жоғалуы мүмкін.
Майлы массаның артуы
Тестостеронның төмен деңгейі денеде, әсіресе, іш тұсында май жиналуына ықпал етеді.
Есте сақтаудың және зейіннің нашарлауы
Тестостерон есте сақтау мен когнитивті функцияларды қалыпта ұстауда маңызды рөл атқарады. Сондықтан тестостерон деңгейі аз болса, есте сақтау мен зейін қоюыңыз нашарлағанын байқауыңыз мүмкін.
Сүйек тығыздығының төмендеуі
Тестостерон ерлер сүйегінің саулығана әсер етеді. Тестостеронның төмен деңгейі сүйектер тығыздығының төмендеуіне және остеопороздың даму қаупінің артуына әкелуі мүмкін.
Ұйқының нашарлауы
Тестостеронның төмен деңгейі ұйқысыздық, түнде ояна беру секілді ұйқымен байланысты проблемаларға әкелуі мүмкін.
Денедегі түктердің түсуі
Тестостеронның төмен деңгейі ерлер денесіндегі түк өсу процесінде өзгерістер болуына әкелуі мүмкін. Кеуде, арқа жне басқа жерлердегі түктер азайып, ашықтау түске боялуы мүмкін.
Тестостерон деңгейін қалай арттыруға болады: 6 негізгі ереже
А. Жапатова