- Негізгі бет
- LifeStyle
- Еркектерде сақал-мұрт неге...
Еркектерде сақал-мұрт неге өспейді? Дәрігер 4 себебін атады
Қазіргі таңда ерлердің басым бөлігі сақал-мұртсыз, көсе. Кейбірі арнайы жақпа майларды қолданып сақал өсіруге құмар. Алайда беттегі қылшықтардың болмауы отбасылық қасиет немесе денсаулық проблемаларының көрінісі болуы да мүмкін. Терапевт Лиля Джемилева ер адамның сақалы мен мұрты неге өспейтінін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.
Кейбір ер адамдар қырынғаннан кейін келесі күні сақалы тез өсіп кетеді. Басқалары жылдар бойы сәнді мұрт пен сақалды өсіруге тырысуы мүмкін, бірақ нәтиже бермейді. Қазіргі еркектердің мұрты мен сақалының бұрынғы мырзаларға қарағанда нашарлауының бірнеше себептері бар.
Генетикалық бейімділік
Біріншісі-генетикалық бейімділік. Егер сіз отбасындағы еркек кіндіктердің атаңыздың, әкеңіздің, өзге де туыстарыңыздың сақалын қалай өсіргенін мұқият қарасаңыз түсінесіз. Өйткені ата-бабаңызда болмаған сақал-мұрттың сізге қаптап шығуы неғайбыл. Бұл жағдайда жағдайды түзетудің жалғыз жолы — шашты трансплантациялау. Өкінішке қарай басқа ештеңе көмектесе алмайды.
фото: pixabay.com
Тестостерон деңгейінің жеткіліксіздігі
"Бетке талшықтардың өспеуі тестостерон деңгейінің жеткіліксіздігінен де туындайды. Егер біз нашар экологиялық жағдайда өмір сүрсек, күйзеліске ұшырасақ, аз қозғалсақ, нашар ұйықтасақ, гормоналды реттеудің бұзылуы болса, онда бұл факторлар шаш фолликулаларына тікелей әсер ететін тестостерон өндірісін күрт бұзады. Олар жұмысын тоқтатады немесе шаш өзегі пайда болмайтын жасырын кезеңге түседі", - дейді Терапевт Лиля Джемилева
Дұрыс тамақтанбау. Сыра ішсеңіз сақал мұртыңыз өспейді
Тағы бір жиі кездесетін себеп - дұрыс тамақтанбау. Себебі, қазір дәрумендермен аз, бірақ құрамында эстроген бар тағамдар көп. Эстроген секілді жыныс гармондарының жетілмеуі сақал-мұрттың шығуына кедергі жасайды. Ал синтетикалық немесе өсімдік эстрогендеріне бай сусын - сыра. Бұл ер адамның қанындағы әйел жыныстық гормондарының мөлшерін күрт арттырады және шаш өсуінің бұзылуына, сонымен қатар май талшығының әйел түріне қайта бөлінуін тудырады.
"Дұрыс тамақтанбаудың екінші аспектісі-артық салмаққа немесе семіздікке әкелетін майлы, калориялы тағамдарды жеу. Шындығында, кез келген май тіндері гормон түзеді. Яғни, бұл ер адамның денесінде эстроген деңгейін жоғарылату арқылы әйел жыныстық гормондарының түзілуіне ықпал етеді. Мұны қарапайым өмірде көруге болады. Егер сіз семіз еркектерге мұқият қарасаңыз, олардың бетіндегі сақал-мұрты жұқа екенін және олардың өсу уақыты едәуір ұзағырақ екенін байқай аласыз", - деді дәрігер.
Физикалық тұрғыдағы әлсіздік себеп болады
Сондай ақ сіздің физикалық тұрғыда әлсіздігіңіз, спортпен шұғылданбау да шаштың өспеуіне әсер етеді. Егер ер адам отырықшы өмір салтын ұстанатын болса, онда жыныс мүшелерінің қанмен қамтамасыз етілмеуі, гипоксия да тестостерон өндірісінің бұзылуына және сақалдың өспеуіне әкеледі.
Әрине, барлығы бұл мәселенің шешімін тапқысы келеді. Ең дұрысы эндокринолог, трихолог және генетик мамандармен кеңесу. Қажетті сараптамалардан өтіп, қандай да бір дәрі-дәрмектермен немесе өмір салтын өзгертумен шешуге тырысыңыз. Ал генетикалық патология анықталған кезде шашты трансплантациялау қажет болады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Зинешов