- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Еркек сәлем салғанды...
"Еркек сәлем салғанды қай атаңнан көріп едің". Желіде қайын жұртына сәлем салған жігіт жұрттың ашуына тиді
Желіде иіле үш рет сәлем салған ер-азамат жұрттың ашуына тиді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрда көліктен түскен ер-азаматтың қалыңдығын алып кетуге келгендігін көруге болады. Абдырап қалған жігіт қалай сәлем берерін білмей үш рет иіліп сәлем салған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл видео әлеуметтік желіде лезде тарап, халықтың екі тарапқа бөлінуіне әкеп соқтырды. Бірі бұндай ырым бар десе, енді бірі бұл не мазақ? - деп жатты.
"Бұндай салт бізде болмаған", "Не сұмдық еркекке сәлем салдырып қойған", "Қой, біздің қазақта мұндай сәлем салу болмаған", "Баланы алып қашқан ғой қызы", "Басына орамала сала салмадыңыздар ма?", "Сорлы екен", "Жанында тұрған әйелдер мазақ қылып тұр", - деп жазды олар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы