Көпшілік Рүстем Жүгінісовтің өзге діннің ағымында кеткеніне шүйліккен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.
Бұл ойын Рүстем Жүгінісов өзінің желідегі парақшасында мәлім еткен.
"Менен сұрап жатыр, неге 8 наурызбен құттықтамайсың деп. Рамазан келді, Рамазанмен құттықтаймын. Ал, 8 наурыз мерекесі, біріншіден біздің қазақтың мерекесі емес, біздің ата-бабаларымыз бұл мерекемен құттықтамаған. 8 наурыз мерекесінің тарихын қарасаң, көңіл-күйің түседі. Тарихы неден шыққанын білетін болсаңыздар, өздеріңіздің көздеріңіз жетеді. Аталарымыз тойламағаннан кейін, мен ойлаймын, біз несіне тойлаймыз деп. Аналарымызға, келіншектерімізге, қарындастарымызға күнде мереке жасауға болады", - деді ол.
Көпшілік мұның бұл пікірімен келіспейтінін айтып, оны жаппай сынап тастаған.
"Еркек бастарыңмен, сақалдарың қауғадай болып, айтатындарың қатын, қатынның мерекесі", "Жап-жас жігіт, алжыған шалдан да надан", "Осындайлар түнімен бірдеңені ойлап, харам деп түбімізге жететін болды", "Сақалың жараспайды екен, жап-жас жігітсің, 80-дегі шалдарға ұқсап тұрсың", "Кезінде тойламаған адам құсап, не айтып отырсың өзі" деп шүйлікті олар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!