- Негізгі бет
- LifeStyle
- Ерке Есмаханның Лондоннан...
Ерке Есмаханның Лондоннан оқудан оралған тұңғышы ата-анасының әзілін түсінбей қалды
Әнші Ерке Есмахан бүгін екі бірдей қуанышты тойлап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін оның екінші ұлының дүниеге келгеніне сегіз ай толған.
Әнші отбасымен бірге табиғат аясында пикникке шыққан. Сонымен бірге Ерке Есмаханның тұңғышы Лондоннан оқудан оралған.
"Бүгін бізде екі қуаныш. Исламның көкесі жазғы оқудан келді", - деп жазды ол.
Кейінірек әнші ұлына оралуына байланысты жасаған тосынсыйын көрсетіп, бірақ оны тұңғышы түсінбей қалғанын айтты.
"Муслимге осындай бенто дайындағанбыз, онымен "приколымыз" өтпей қалды", - деп жазды Ерке Есмахан.
"Лондонда оқыған әшейін сән ғой. Қош келдің, Muslim", - деп жазылған торттың бетіндегі жазуда.
Алайда әнші ұлы Желіде тараған бұл әзілден бейхабар болып шықты. Ол ұлына күйеуі Raim-ның бұл әзілді түсіндіруге тырысып жатқан видеосын да бөлісті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан