Танымал әнші Ерке Есмахан мен Раймның Америкада өтеді деп жоспарлаған концерті визаға байланысты ақпан айына ауысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Айтпақшы, АҚШ-тағы концерттеріміз визамыздың дайын болмағанына байланысты ақпан айына ауысты. Қазір Америкада қыдырып жүретін едім. Әрине, барлығына шүкір", - деді Ерке Есмахан.
Еске салайық, Ерке мен Райм Америкада өтетін концерттің билеттерін сатылымға шығарып қойған болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!