- Негізгі бет
- LifeStyle
- Ер адамның денсаулығына...
Ер адамның денсаулығына кері әсер ететін күнделікті 8 әдет
Белгілі бір әдеттер ер адамдардың ұрпақ жаңғырту денсаулығына теріс әсер етеді. Дәрігерлер бедеулікке әкеп соқтыратын негізгі факторларды атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1. Отырықшы өмір салты. Физикалық белсенділігі жоқ отырықшы өмір салты ұрық сапасы мен санына, төзімділік пен иммунитетке әсер етуі мүмкін.
2. Дұрыс тамақтанбау. Жоғары өңделген өнімдер ұрық сапасына әсер етеді.
3. Семіздік. Артық салмақ ұрық санына ғана емес, сонымен қатар аталық бездегі жыныс жасушаларының физикалық және молекулалық құрылымына да әсер етеді.
4. Қорғанбау. Жыныстық жол арқылы жұғатын аурулар бедеулікке әкеп соқтыратын негізгі қауіп факторы саналады.
5. Зиян әдеттер. Темекі шегу, алкоголь ішу шәуеттің ДНҚ фрагментациясын тудыруы мүмкін, бұл оның сапасын нашарлатып, эстроген деңгейін жоғарылатады, тестостерон деңгейін төмендетеді. Бұдан бөлек, зиян әдеттер эректильді дисфункцияның ықтималдығын арттырады.
6. Аталық бездің қызуы. Ұма температурасы қалыпты дене температурасынан 2-3 градусқа төмен болатындай етіп орналастырылған. Себебі ұрық үшін салқын орта қажет. Сондықтан, ер адам ыстықта көп отырмауы қажет, мысалы, жылытылатын автокөлік орындықтарын жиі қолданбағаныңыз абзал.
7. Стресс. Бұл тестостерон теңгерімсіздігі сияқты гормоналды өзгерістерге әкеп соқтыруы мүмкін, бұл ұрықтылыққа әсер етеді.
8. Өзін-өзі емдеу. Кейбір дәрі-дәрмектер ер адамның жыныс мүшесінің ұрықтануына теріс әсер етеді, сондықтан оларды қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек.
Айта кетейік, бұған дейін урологтар ерлердегі белсіздіктің негізгі себептерін атағаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Құрамында 56 г темір бар темір (lll) оксидінің Fe2O3 массасы қанша?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә