Эпилепсия - жасына, жынысына немесе өмір салтына қарамастан кез келген адамға әсер етуі мүмкін неврологиялық ауру, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл - мидың созылмалы ауруы, мидың үлкен жартысының қыртысында шамадан тыс нейрондық разрядтар нәтижесінде пайда болады.
ДДСҰ деректері бойынша эпилепсиямен жер шары халқының 1%-ына дейін зардап шегеді, бұл дегеніміз - 50 миллион адам. Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, қазіргі заманғы дәрі-дәрмектер 70% жағдайда адамның ұстамасын жоюға мүмкіндік береді.
Ресми мәлімет бойынша Қазақстанда эпилепсиямен ауыратын 45 мыңнан аса адам бар, олардың шамамен 40%-ы - балалар. Эпилепсияға ең көп шалдығатыны - балалар, әлемдік статистика да науқастардың төрттен үш бөлігі 18 жасқа дейінгі топқа жататынын көрсеткен.
Бұл диагнозды невролог немесе эпилептолог дәрігер қояды. Патологияны анықтаудың негізгі әдісі - ЭЭГ (электроэнцефалография).
Тексеріс кезінде мидағы патологиялық белсенді ошақтар анықталады. Компьютерлік талдаудың көмегімен белсенділік көзі анықталады. Сонымен қатар, миға МРТ жасау да маңызды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!