"Енеңнің аяғы ауыр болған қызық екен". Танымал блогер тосын жаңалығын айтты

"Енеңнің аяғы ауыр болған қызық екен". Танымал блогер тосын жаңалығын айтты
Фото: https://www.instagram.com/kenbaeva_a/

Танымал блогер Айжамал Мұңайбай 2 келіні, 3 немересі бар енесінің аяғы ауыр екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aizhamal Munaibai (@kenbaeva_a)

"Шок болдық. Естіген кезде реакциялар түспей қалды, бірақ бәріміз көзіміз бақырайып, аузымыз ашылып, мә,мәәә деп, қойлар ұқсап маңырап қалдық. Енеңнің аяғы ауыр болғанда бір қызық екен… Атам енемді одан сайын еркелетіп, махаббат өзімізде жоқ сияқты сезініп қалдық. Кейде угроза болып, больницаға жатып қалатын… Мә атам, таңнан кешке дейін тамақ тасып өзі, қарбыз, құлпынай апарып, енем бәрін жей алмай, бізге жеп тастаң деп жіберіп, күліп отыратын едік…

Ата-енемнің махаббаты ұрып тұр, қуаныш қой бұл да.. Алла осылай әдемі қартаюды бәрімізге жазсын… Мен Аекамен бөлек шығып кеткенде, эмоциямен қатты жылады, жіберуі қиын болды. Сосын "өзіме туып аламын онда" деді енем, Алла қабыл қылсын…

Жынысы әзірге бәрімізге қызық, ер баладан футбол командасы ма екен, әлде бір дара қызғалдақ па екен?  Аман-есен жанымызға, ортамызға келсін балақай", - деп жазған ол.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aizhamal Munaibai (@kenbaeva_a)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек