"Шетелдегі қазақ балалары" жобасының авторы, жүргізушісі Жанар Байсемізова "Менің өмірім" бағдарламасында алғаш рет жеке өмірі туралы сыр ақтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, енесін бір-ақ рет көрген.
"Мені ешкім келін деп айтпаған ғой. Қандай келін дегеніңізге қарап қалыппын. Қандай келін екенімді білмеймін. Енемді бір-ақ рет көргенмін. Өйткені басқа мемлекетте тұрады. Жолдасым бір үйдің жалғыз баласы. Күйеуіме ғана қызмет етемін. Жұбайым екеуміз өмірімізді өзіміз сүреміз", - деді журналист.
Сондай-ақ, ол жолдасының үй шаруасына жиі көмектесетінін атап өтті.
"Жолдасым күнде тамақ жасайды деп айтпаймын. Бірақ үлгермей жатсам, ыдыс жуа салады, тамақ пісіреді. Оған бұл ұят емес. Кейде құрбыларым "Жанар, сен сонда не істейсің, үй шаруасының бәрін басқалар істейді" деп таңғалып жатады. Қазақ әйелдері сияқты күйеуімді күтпеймін. Жалпы қазақ асханасындағы барлық тамақты істеймін. Алайда жолдасым ондай тамақтарды жемейді. Жолдасымның жанында көп нәрсені ойламаймын. Ол көп адамға ұқсамайды. Ойы, көзқарасы, әлемді қабылдауы, мәдениеті мүлде басқа. Кейде өзімді сондай топас сезінемін. Өте тиянақты. "Мен жаныңда тұрғанда ештеңеге қапаланба" деген. Содан бері оның жанында үндемеймін. Өз киімін өзі сатып алады, жинайды. Ол жағына еш қатысым жоқ" деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!