- Негізгі бет
- LifeStyle
- Эндокринолог арықтауға кедергі...
Эндокринолог арықтауға кедергі келтіретін 8 қателікті атады
Эндокринолог Диляра Лебедева арықтауға кедергі келтіретін 8 қателікті атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Doctorpiter"-ге сілтеме жасап.
Артық килограмнан арылудың және сымбатты көрінудің тиімді әрі қауіпсіз әдісі - әдеттеріңізді өзгерту. Дәрігерлер күнде көкөністер, жемістер, ет немесе балық жеуге және күрделі көмірсулар жайлы ұмытпауға кеңес береді. Сондай-ақ тамақ порциялары кішкентай болуы керек және күніне 4-5 рет тамақтану қажет. Сонымен бірге физикалық белсенділік жайлы ұмытпау керек. Тіпті 30 минут серуендеудің өзі жақсы нәтиже береді.
Алайда көпшілік адам жылдам арықтағысы келеді, сондықтан қатаң диеталар ұстайды, демалыссыз күнде жаттығады, тәтті және ұнды тағамдардан толықтай бас тартады. Иә, нәтиже болады, бірақ үйреншікті өмір салтына оралған кезде барлығы қайта орнына келеді. Тіпті, салмағыңыз арықтағанға дейінгіден де көбейіп кетуі мүмкін.
Диляра Лебедева арықтауға кедергі келтіретін сегіз қателікті атады:
- Эктремалды диеталар ұстау. Жылдам арықтау денсаулыққа зиян келтіреді, себебі ағза қатты күйзелісте болады, оған дәрумендер мен минералдар жетпейді. Нәтижесінде жаңа проблемалар пайда болады.
- Сапалы ұйқыға мән бермеу. Түнде ағза қалыпқа келеді, ол майды жағу процесіне әсер етеді. Егер аз ұйықтасаңыз, барлық әрекеттеріңіз бекер болуы мүмкін.
- Майды кетіретін дәрі ішу. Майды кетіретін таблеткалар денсаулығыңызға зиян келтіреді.
- Аш жүру. Бұл жағдайда суды жоғалтасыз, сондықтан өзіңізді нашар сезінесіз. Тіпті, интервалды ашығудың өзін дәрігер кеңесінсіз ұстамаған жөн.
- Тек "пайдалы" тағам жеу. Азық-түлікті жаман және жақсы деп бөлуге болмайды. Әйтпесе, диетадан соң өзіңізді ұстай алмай, тәтілер ен фастфудты көп жеп қою қаупі бар немесе қандай да бір тамақты жек көріп кетуіңіз мүмкін. Адам барлық дәрумендер мен минералдарды алу үшін үйлесімді тамақтануы керек.
- Спортпен үнемі айналысу. Физикалық жүктеме - жақсы, бірақ оның шамасын білу керек. Себебі егер спорт өте көп болса, ол хал-жағдайыңызға жағымсыз әсер етуі мүмкін.
- Несеп айдағыш немесе іш өткізетін дәрілер ішу. Нәтижесінде, ағза сусызданады, ал артық салмақ ешқайда кетпейді.
- Қайта-қайта салмақты өлшеу. Бұл күйзеліске әкелуі мүмкін. Уайым болған жерде нәтиже болмайды.
Тест: суреттен кімді көргеніңізді айтыңыз, ал біз сіздің нешеде екеніңізді айтамыз
А. Жапатова