Әлеуметтік желі қолданушыларын бір түсті киім киіп, екі келіні бар әйелді перзентханадан шығарып алған отбасы тәнті етті. Бейне блогер Айжамал Мұнайбайдың Instagram-парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогердің айтуынша, енесін перзентханадан жұбайы, төрт ұлы, енесі, екі келіні шығарып алған.
"Аллаға шүкір.
Дегеннен артық не жазамын?
Қандай әдемі көрініс….Жұбайы, 4 ұлы, енесі, 2 келіні бұлай шығарып алуы бақыт қой.
Атам 101 розасы мен, ұлдары бір-бір букеттен
ЖАНЫМ деп @janym_flowers сыйлағаны қандай…
Көз тимесін, бәріңіздің үйіңізде осындай той болсын", - деп жазылған видео астына.
Бұған желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған.
"Ата-ана болып жатқандар кай жылғылар екен", "Түсінбедім, келіні туды ма? Енесі туды ма? Бауы берік болсын, құтты болсын қайсысы туса да", "Құтты болсын, осындай келіндері бар енесі де бақытты шығар, "келінім адал болсын" деген осы. Бақытты болыңдар, кішкентай бақытты қыз болып өсе берсін, көз-тілден аман жүріңдер, үлгілі отбасы", "Мәссаған қандай күшті отбасы", "4 ұлдан кейінгі қыз деген тәттіғой шіркін! Сол бақытты бұйыртқан Аллаға шүкір!", "Керемет көз тоймайды, Алла осындай ауызбіршіліктен айырмасын, бізге жұғысты болсын", "Әжеге бір шал табу керек", - деп жазған олар.
Тағы да оқи отырыңыздар: Айбана деген не?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз