Демалыс кезінде ауырып қалу - жиі кездесетін жағдай. Бірақ мұндайда не істеу керегін көбі біле бермейді. Демалысты ұзартуға бола ма, пайдаланылмаған күндерді кейінге шегеріп, ақшаны жоғалтпаудың жолы қандай? Толығырақ Massaget.kz материалында.
Егер демалыс кезінде ауырып қалсаңыз, сол күндерді демалыс есебінен өткізу немесе еңбекке уақытша жарамсыздық парағын ашу - өз таңдауыңыз. Бірақ демалыс күндерін сақтап қалғыңыз келсе, міндетті түрде ресми еңбекке уақытша жарамсыздық парағын рәсімдеу қажет. Бұл туралы адвокат Абзал Қасымжанов айтты.
Неге жай анықтама жеткіліксіз? Кәдімгі медициналық анықтама немесе басшыға мессенджер арқылы жіберілген хабарлама демалыс күндерін кейінге шегеруге негіз бола алмайды. Ол үшін міндетті түрде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы қажет.
"Уақытша еңбекке жарамсыздықты ресми түрде растайтын құжат - осы парақ. Егер ол тиісті тәртіппен рәсімделмесе, ауырған күндеріңіз кәдімгі демалыс күндері ретінде есептеліп, кейін қайтарылмауы мүмкін", - деп түсіндірді Қасымжанов.
Еңбек кодексінің 94-бабына сәйкес, ауруға сәйкес келген демалыс күндері тек қызметкердің өтініші бойынша кейінге ауыстырылады. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен өтініш болмаса, бұл күндер кәдімгі демалыс ретінде есепке алынады.
"Бір күндер үшін бір мезетте әрі демалыс ақысын, әрі уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы алуға болмайды. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысымен тұспа-тұс келген ауру күндеріне жәрдемақы төленбейді. Бірақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағымен расталған демалыс күндері жоғалып кетпейді. Оларды кейін заңда белгіленген тәртіппен пайдалануға болады", - деді адвокат.
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы ашылған бойда басшыңызға немесе кадр бөліміне хабарлаған дұрыс. Кодексте "24 сағат ішінде хабарлау керек" деген нақты талап жоқ. Алайда демалысты кейінге шегеру туралы өтінішті еңбек демалысында жүрген кезде беру қажет.
Хабарламаны электрон пошта немесе компанияның ішкі жүйесі арқылы жіберген жөн. Осылайша өтініш берген күн тіркеліп қалады. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы жабылғаннан кейін оның түпнұсқасын немесе электрон нұсқасындағы мәліметтерді кадр бөліміне тапсыру керек.
Егер еңбекке жарамсыздық парағы дұрыс ресімделсе және сіз өтінішті уақытылы берсеңіз, жұмыс берушінің бұл күндерді жоюға құқығы жоқ.
Жұмыс беруші неден бас тарта алады? Демалыстың нақты қай күндерге ауыстырылатынын бекітуден бас тарта алады. Жаңа мерзім жұмыс беруші мен қызметкердің келісімімен белгіленеді.
Мынаны да ескерген жөн:
"Еңбек кодексі демалысты автомат түрде ұзарту емес, оны ауыстыру механизмін қолданады. Қызметкер қалған күндерді ағымдағы жұмыс жылында бөлек беруді сұрай алады. Жұмыс берушімен келісім бойынша оларды келесі жұмыс жылының демалысына қосуға да болады", - деп түсіндірді Абзал Қасымжанов.
Нақты нұсқаны уақытылы келісіп, жазбаша түрде рәсімдеу қажет.
Төленген демалыс ақысы не болады? Ақшаны кассаға қолма-қол қайтарудың қажеті жоқ. Бухгалтерия есепті түзетеді: ауыстырылған күндердің сомасы алдағы төлемдер кезінде ескеріледі немесе сіз сол демалысты пайдалануға шыққанда (сол кездегі өзекті орташа жалақыны ескере отырып) қайта есептеледі.
Заң жұмыс берушінің бастамасымен демалыстағы қызметкерді жұмыстан шығаруға тыйым салады, бірақ қызметкердің өзі кез келген уақытта жұмыстан шығу туралы өтініш беруге толық құқылы.
Еңбек кодексінің 56-бабына сәйкес, бір ай бұрын ескерту мерзімі "міндетті түрде жұмыс істеу" дегенді білдірмейді. Бұл мерзім өтініш берілген күннен бастап есептеледі және еңбек демалысы кезінде де жүре береді.
Жұмыстан қалай тезірек шығуға болады:
Маңызды: жұмыстан босатылған кезде жұмыс беруші пайдаланылмаған барлық демалыс күні үшін өтемақы төлеуге және 3 жұмыс күнінен кешіктірмей толық есеп айырысуды жүргізуге шарт тоқтатылғаннан кейін міндетті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!