Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, Құрылтай есімі және оның нұсқалары Қазақстанда өте сирек кездеседі.
2026 жылғы тамыздағы жағдай бойынша "Құрылтай", "Курылтай", "Курултай" және "Курлтай" есімдері қойылған 10 азамат тіркелген. Олардың алтауы - ер адам, төртеуі - әйел.
Құрылтай есімі және оның нұсқалары қойылған азаматтардың ең көп саны Шығыс Қазақстан облысында тіркелген (4 адам).
Алматы қаласында 2 адам тұрады. Абай, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында бір адамнан тіркелген.
10 адамның бесеуі 65 жастан асқан. Ал ішіндегі ең үлкені 80 жаста. Қалған төрт адам 30-34, 50-54, 55-59 және 60-64 жас аралығындағы топтарға жатады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!