Ең қарты 92-де: елімізде Қазақстан есімді қанша адам бар?

Ең қарты 92-де: елімізде Қазақстан есімді қанша адам бар?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Елімізде Қазақстан есімді 28 азамат бар. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қай өңірлерде тұрады?

  • Қарағанды облысында 7 адам;
  • Ақмола облысында 6 адам;
  • Қостанай облысы мен Астанада 3 азаматтан;
  • Алматы мен Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында 2 адамнан;
  • Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында бір-бір азаматтан тіркелген.

Біреуі ғана әйел

Мәліметке сүйенсек, 28 адамның ішінде тек бір әйелдің есімі - Қазақстан.

Жас ерекшеліктері бойынша

Жас ерекшеліктері бойынша ең қарт Қазақстан 92 жаста, ең жасы 25-те.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget