Адам қартайғанда өмірге қабілеттілік төмендейді, бұл ағзаның бүкіл жүйесіне әсер етеді. Бұл туралы невролог, нейрофизиолог, геронтолог Валерий Новоселов айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pravda.Ru-ға сілтеме жасап.
"Ағза әртүрлі тәсілдермен, гериатриялық түрде қартаяды. Мысалы, бір адамда алдымен орталық жүйке жүйесі қартаяды, екіншісінде, жүрек-тамыр жүйесі қартаяды, үшіншісінде, тірек-қимыл жүйесі қартайып, бұлшық ет зардап шегеді. Ал бұл өмірге қабілеттіліктің төмендеуінен көрінеді", – деді дәрігер.
Валерий Новоселовтың айтуынша, қартаю әр адамда жеке жүреді. Бұған өмір салты, экономикалық, тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тамақтану әдеттері әсер етеді.
Ол сондай-ақ өмір салтын қартайған кезде емес, жас кезде дұрыстау керегін айтты.
Еске салайық, бұған дейін қартаюды баяулататын 10 өнімнің тізімі жарияланған болатын.
1. Қаражидек
Жидектер А және С дәруменіне бай. Олардың құрамында теріні күйзелістен, атмосфералық ластықтан және күн сәулесінен қорғайтын антоциан антиоксиданттары бар.
2. Тәтті картоп
Тәтті картоптың құрамында бета-каротин көп. Ол А дәрумені ретінде белгілі. Ол жасушалық зат алмасуды арттырады, сондықтан тері сау әрі жас көрінеді. Сондай-ақ тәтті картоп С және Е дәрумендеріне бай. Бұл дәрумендер тері түсін тегістейді және теріні бос радикалдардан қорғайды.
3. Қызыл болгар бұрышы
Бұл көкөністің құрамында пайдалы элементтер көп. Антиоксиданттар қартаю белгілерімен күреседі, каротиноидтар қабынуға қарсы әсерге ие, ал С дәрумені коллаген бөлінуін ынталандырады.
4. Анар
Анар жемісінде пуникаголин және С дәрумені бар. Олар бос радикалдарды ыдыратады, коллаген синтезін жылдамдатады және теріні безеуден тазартады.
5. Сарымсақ
Сарымсақ табиғи детокс ретінде жұмыс істейді. Ол антибактериялық әсерге ие және тері жастығын сақтайтын аллициннің көзі.
6. Қара шоколад
Қара шоколад әжімнің ерте пайда болуының алдын алады. Шоколад құрамына кіретін какао-атбас бұршақтарында флавонол бар. Бұл күн сәулесінің жағымсыз әсерін бейтараптандыратын қосылыс.
7. Брокколи
Орамжапырақтың бұл түрі А, С және К дәрумендеріне, кальций, фолий қышқылы және жасұныққа бай. Олар теріге өте пайдалы.
8. Қызанақ
Қолжетімді бұл көкөніс – қартаюды баяулататын тиімді өнім. Оның қанық қызыл түсі ликопинмен түсіндіріледі. Бұл зат теріні серпімді етеді.
9. Авокадо
Оның құрамында қоректік заттар көп: онда A, E, C, K дәрумендері, В тобының барлық дәрумендері, калий, магний және уыттардан қорғайтын каротиноидтар бар.
10. Жаңғақтар
Жаңғақтардың басты құндылығы – олардың омега-3 майлы қышқылдарға бай болуы. Сондай-ақ олар Е дәруменіне бай. Олар тері құрылымын қалыпқа келтіреді, оны ультракүлгін сәуледен қорғайды және қабынудан болатын залалды азайтады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!