Емі жоқ қан қатерлі ісігі - миеломаның алғашқы белгілерінің бірі - үнемі сүйектердің ауыруы, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Mirror"-ға сілтеме жасап.
Бұл жайлы Ұлыбританияның ұлттық денсаулық сақтау қызметінің зерттеуі мәлімдеген. Мамандардың айтуынша, бұл ауру бастапқы кезеңде айқын белгілер бермейді.
"Әдетте, миеломада арқа, жамбас және қабырға сүйектердің ауырғаны басылмайды. Аурудың ары қарай дамуы кезінде науқастарда анемияның салдары - шаршаңқылық пен әлсіздік байқалады", - делінген зерттеуде.
Сондай-ақ оның белгілеріне жиі зәр шығару, салмақ тастау, бас ауыруы және көрудің бұзылуы жатады. Сыртқы белгілерге көз астының көгеріп кетуі және тіс етінің қанауы жатады. Мамандардың айтуынша, миелома кезінде әдетте ісіктің пайда болуы байқалмайды, қан жасушалары жетіспегендіктен, сүйектер әлсіз бола түседі.
Оқи отырыңыз: Сүт безі қатерлі ісігін бастапқы стадияда қалай анықтауға болады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!