Оқу-ағарту министрлігі еңбек нарығында сұранысқа ие техникалық және кәсіптік мамандықтар тізімін ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, Қазақстанда еңбек нарығына талдау жүргізіліп, техникалық және кәсіптік салада тапшы мамандықтар тізімі жасалған.
"Көшбасында аспаз, сатушы және автомеханиктер тұр. Тамақтану, логистика, медицина, ауыл шаруашылығы, құрылыс және ТҮКШ саласына білікті маман қажет", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!