Елімізде Қазақстан есімді 28 адам бар, оның біреуі – әйел

Елімізде Қазақстан есімді 28 адам бар, оның біреуі – әйел
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Елімізде Қазақстан есімді 28 адам бар. Бір қызығы, олардың 27-сі ер адам болса, біреуі әйел. Республика күніне орай Ұлттық статистика бюросы ел атауын иеленген азаматтар туралы қызықты мәлімет жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Статистикаға сүйенсек, Қазақстан есімді азаматтардың ең көбі Қарағанды облысында тұрады. Өңірде осындай есіммен жеті адам тіркелген.

Елімізде Отан, Астана, тіпті Тәуелсіздік есімді адамдар да бар. Мәселен, Отан есімін 128 адам иеленсе, Астана есімді 25 азамат тіркелген.

Ал Республика есімді адам елімізде жоқ. Ұлттық статистика бюросының сарапшысы Жансая Қайранбаеваның айтуынша, Қазақстанда мұндай атаумен аталатын елді мекен де тіркелмеген.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget