- Негізгі бет
- LifeStyle
- ауа райы болжамы
Елімізде қарашада ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" қарашада бір ай бойы қатты жел, бұрқасын, көктайғақ және тұман күтілетінін болжады - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аязды ауа райы айдың екінші жартысында болжанады. Суық ауа массалары енген кезде термометрлердің бағандары ең суық күндерде төмендейді:
- республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнгі уақытта -15-24°С дейін, күндіз -7-12°С дейін;
- батыста және елдің оңтүстік жартысында түнде -3-15°С дейін, күндіз 0,-7°С дейін.
Суық күндердің орнына Орта Азия мен Жерорта теңізінен жылы ауа массаларының келуі әсерінен күндіз жылынады:
- республиканың көп бөлігінде +3+8°С дейін;
- оңтүстік жартысында +8+15°С дейін.
Жалпы, қарашада ауа температурасы республиканың басым бөлігінде норма шамасында (нормалар қосымшада келтірілген), қиыр батыста – 1° нормадан жоғары, елдің оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда – 1° нормадан төмен болады деп күтілуде (Түркістан, Жетісу облысы, Шығыс Қазақстан, Абай облысында, Жамбыл және Алматы облыстарының оңтүстігінде).
Қараша айында жауын-шашын мөлшері Қазақстан аумағының басым бөлігінде норма шамасында, солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жартысында нормадан көп (Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында, Атырау және Ақтөбе облыстарының солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының шығысында, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының қиыр солтүстігінде), елдің оңтүстік өңірлерінде - нормадан аз болуы болжанады (елдің оңтүстік жартысында және Қарағанды мен Ұлытау облысының қиыр оңтүстігінде).
Оқи отырыңыз: Биыл қыста ауа райы қандай болады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова