Ғалымдар Елизавета II патшайымның ұйқы режимі шынымен де жақсы тынығуға және салауатты өмір салтын сақтауға ықпал ететінін растайды. Ұзақ өмір сүру үшін патшайымнан үлгі алуымыз керек.
Елизавета II - Ұлыбритания тарихындағы ең ұзақ билік еткен монарх. Осы қалпында тұрса, Людовик XIV сынды басқа да Еуропа монархтарынан билік ету ұзақтығы бойынша озып кете алады. Британия патшайымы жасы 95-ке келсе де өте сергек көрінеді және көңілді әрі толыққанды өмір сүретін адам екені сырт көзге анық көрінеді. Осы орайда көпшілік билеушінің ұзақ өмір сүруі мен денсаулығының сырын ашуға тырысуда. Бірақ оның еш құпиясы жоққа ұқсайды. Нақтырақ айтсақ, оның сыры өте қарапайым сияқты.
Жақында жүргізілген зерттеу патшайымның физикалық белсенділігі мен салауатты ұйқы режимі оның 70 жыл билік жүргізіп, денсаулығын сақтап, ең ұзақ өмір сүрген патшайым атануының себебі болуы мүмкін екенін көрсетті.
Everynight.com сайтындағы ұйқы және сауықтыру сарапшылары соңғы онлайн трендтерді талдап, корольдік отбасының басқа мүшелеріне қатысты сұрауларға қарағанда, патшайымның ұйықтау және жаттығу туралы сұраулары 136% жиірек кездесетінін анықтады. Яғни, жақында 96 жасқа толатын мәртебелі ханымның денсаулығының сыры жер шарының түкпір-түкпіріндегі жұртшылықты толғандырғандай. Адамдар Кейт Миддлтон мен Меган Марклдың диеталары мен жаттығуларынан гөрі Мәртебелінің күн тәртібі, физикалық белсенділігі және ұйқы режимі туралы ақпаратты жиі іздейді.
Елизавета өте белсенді өмір салтын ұстанады және дұрыс ұйқы кестесін сақтайды. Ол күніне сегіз жарым сағат ұйықтайды, бұл ересек адамға күнделікті қажет ұйқы нормасына сәйкес келеді. Сондай-ақ, адамның күн сайын бір уақытта ұйықтауы маңызды. Бұл тәртіп ұйқы уақыты жақындаған сайын денені автоматты түрде ұйқышылдықты сезінуге үйретудің оң әсерін тигізіп, жақсы ұйқы мен жақсы демалуды қамтамасыз етеді. Монарх түнгі 23:00 шамасында ұйықтайды деп айтылады.
Диеталарға келетін болсақ, Мәртебелі қарапайым, жеңіл және ұйқыны жақсартатын ақуызға бай тағамдарды жақсы көреді. Ол балық пен көкөністерді көп жейді, көңіл-күйді көтеріңкі сақтау үшін өзін десерттермен еркелетуді де ұмытпайды. Бұлшықет тонусын сақтау үшін Элизабет арнайы жаттығуларды жасай отырып, тұрақты физикалық белсенділікте болады: ол бұрын атқа мінетін, ал қазір ол мүмкіндігінше иттерін серуендеуге тырысады. Бұл сонымен қатар ұйқының сапасын жақсартатын эндорфиндерді шығарудың пайдалы әдісі болып саналады.
Өмірін ұзартқысы келетін және оның сапасын жақсартқысы келетін кез келген адамға сарапшылар Ұлыбритания патшайымынан үлгі алуға кеңес береді: ұйықтап, кесте бойынша жатып-тұру, күніне кемінде 8 сағат ұйықтау, жергілікті балық пен көкөністер сияқты пайдалы тағамдарды көбірек тұтыну, және мезгіл-мезгіл өзіңізді жиі қуантыңыз және тіпті егде жаста да жұмыс істеуді жалғастырыңыз.