Қазгидромет 7, 8, 9 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Елдің басым бөлігінің тұрғындары көктемгі құбылмалы ауа райын сезінеді. Жаңбыр жауады, солтүстікте және солтүстік-батыста да жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанып отыр. Батыста, оңтүстікте кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, ал солтүстікте жауын-шашын мол болады.
Республика бойынша жел күшейіп, батыста, оңтүстікте бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін. Елдің шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнгі, таңғы уақытта тұман түседі.
Елдің солтүстігі мен солтүстік-батысында күндіз ауа температурасы 3-15 градусқа дейін төмендейді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова