- Негізгі бет
- LifeStyle
- Экономист ай сайын...
Экономист ай сайын жалақыдан қанша сома жинап отыру керегін айтты
Күтпеген жағдай немесе шығын болған кезде әр адамда қаржылық жинақ болуы керек. Мұдай жинақ түрлі шығындарға дайын болуға көмектеседі. Экономист Павел Шеремета "Styler"-ге кірістен қанша алып қойып отыру керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сарапшы ақша жинауды бастау ешқашан кеш емес екенін айтты.
"Ай сайын жалақыдан қанша сома алып қою сіздің кірісіңіз бен шығыныңызға байланысты. Мен өзім үшін мынадай шешім қабылдадым: кірістің 15-30%-ын жинап отыру керек. Бұл қозғауға болмайтын қор деп ішкі тәртіпті қалыптастыру керек", - дейді Павел Шеремета.
Егер кірісіңіз одан көбірек жинауға мүмкіндік берсе, көбірек жинаңыз. Ал егер өмір көп шығынды талап етсе, оған түсіністікпен қараңыз.
Экономист мүмкіндік болса, несие алмауға кеңес берді.
"Несие – жағымсыз жинақ, себебі сіз банкке қарызсыз. Онымен абай болу керек. Несиелерді қайтару қабілетіңізге қараңыз. Мен мүлдем несие алмау принципімен өмір сүретін адамдарды құрметтеймін", - дейді ол.
Оқи отырыңыз: Сізге бай болуға кедергі келтіретін 4 әдет
А. Жапатова