Алматылық Дүниезада 3 жыл бұрын көпке "Жүрек" әнімен танылған қазақстандық әнші Adam-мен көңіл жарастырған. Оның айтуынша, өнер иесі өзінің отбасылы екенін жасырып қалған. Ал бүгінде олардың 1 жас 3 айлық ұлы бар, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтылды.
"Құрбым мені бейнебаянға түсуге модель ретінде шақырды. Adam екеуміз "Давай не болей" бейнебаянының түсірілімінде таныстық. Сөйтіп, танысып, бір-бірімізге ұнайтынымызды түсіндік. Бұл біздің бір-бірімізге көзқарасымыздан-ақ белгілі еді. Алты айдан кейін, яғни 2021 жылы 3 қарашада бейнебаян жарық көрді. Бейнебаян шыққаннан кейін ол 27 маусымда әлеуметтік желісі арқылы "жүзіңіз таныс" деп жазып жіберді. Сол кезден бастап екеуміз жақыннан араласа бастадық. Кейінірек 18 шілдеде маған қайта жазып, қазір Алматыда емес екенін, бірақ жақында келетінін айтты. Ол қалаға келгеннен кейін кездесіп, таныстық. Келесі күні тағы да кездестік. Мен бірінші кездескен күні одан "үйленгенсің бе?" деп ашық сұрадым, ол "жоқ" деп жауап берді. Ол мені алдаған болып шықты. Бұл сөздер жақсы есімде қалды. Қыз бен жігіт болып шамамен 1 айдай жүрдік. Осыдан кейін екеуміз жыныстық қатынасқа түстік. Сонымен мен жүкті екенімді білген кезде, ол маған үйленуге уәде берді. Бірақ кейін оның отбасылы екенін білдім. Оның айтуынша, мен оның екінші әйелі боламын. Мен жүкті болғандықтан, амалсыздан келістім", – дейді Дүниезада.
Әнші Фарух Мирхида Дүниезада босанғанға дейін жанында болған.
"Ол менің аяғым ауыр екенін білгенде бастапқыда аң-таң болды, артынан қуанды. Мен жүкті болған кезімде де екеуміз кездесіп жүрдік. Мен босанғанға дейін жанымда болды, бірақ перзентханадан шығарып алуға келмеді. Биыл наурызда байланыс үзілді, ұлын да соңғы рет осы кезде көрді", – деді ол.
Бірақ әнші уақыт өткеннен кейін райынан қайтып қалған көрінеді.
"2023 жылы 17 мамырда біз ұрысып қалдық. Мен одан қашан үйленетінімізді сұрадым, оған қоса, ол ұлына пәтер сатып алып беремін деп уәде берген болатын, бірақ кейінірек, мен оған пәтер қарастырып жүргенімді айтқанымда, таңданып, "қандай пәтер?" деп сұрады. Сөйтіп, бірден "мен уәде берген жоқпын, оның үстіне дәл қазір емес, болашақта алып беремін" деп өзгерді. Мен ең алдымен оның әке екенін мойындағанын, ұлымның әкесі болғанын қалаймын, бәрі заңға сай болуы керек. Ал пәтер туралы ұмытып кеттім десем де болады, өйткені ол айтады, бірақ орындамайды. Ұлым, яғни Темірлан Adam-ның тұңғыш перзенті екенін білемін", – деді ол.
Дүниезада әнші ұлын заңды түрде мойындағанын қалайды.
"Мен ол үнемі өз еркімен көмектесетініне сендім. Бұған дейін арасында айына 20-30 мың теңге жіберіп тұратын. Мен оған мән бермей жүрдім. Кейін қиналып, басқа амалым қалмағанда көмекке жүгіндім. Одан жөргек сатып алуға ақша сұрадым, жөргек 11 мың теңге тұрды. Ал ол ұрыса бастады. Мен жөргек сатып алуға барардан 10 минут бұрын оған жаздым, сөйтіп дәріханада тұрып, оның нөміріне қашықтан төлеуге шот жібердім. Ал ол "неге маған ертерек ескертпейсің?" деп ашуланды. Мен оның маған көмектескенін қаладым. Мен баланың анасы болсам, ол әкесі. Екеуміз де бірдей жауапкершілікті арқалауымыз керек. Ол балаға ақшаны қалаған кезімде беремін деді. Ол балаға жұмсайтын қаражатты бүгін, ертең беруі мүмкін. Бірақ бірнеше жылдан кейін ол ойынан айнып қалуы мүмкін. Сондықтан да мен оның баланы заңды түрде мойындап, тегін бергенін қалаймын", – деді Дүниезада.
Ал Дүниезаданың әпкесі Барноның сөзінше, өнер иесі танымалдылыққа ие болғаннан кейін өзгеріп бастаған.
"Adam танымал болғанға дейін жақсы болды, танымалдылыққа ие болған соң дауысын көтеріп, дөрекілік таныта бастады. Ол танымал болғанға дейін екеуі паркте қол ұстасып, әп-әдемі жұп болып жүр еді", – деді Дүниезаданың әпкесі Барно.
"Жүрек" әні миллиард рет тыңдалған қазақстандық әнші Adam туралы не белгілі?
Еске салайық, бұған дейін атыраулық Нұргүл Зиханова 5 жыл бұрын Бейбіт Қорғанмен көңіл жарастырғанын айтқан еді. Оның сөзінше, 4 жасар баласы – әншінің ұлы.
"Әкесі ретінде 100 пайыз қабылдаған адам – Бейбіт Қорған. Ол мойындамаса да, дәлелденсе, балаға жауапкершілікті алсын деймін. Маған одан ештеңе керек емес", – дейді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!