"Екіге бөліндік". Жұлдызды отбасы күтпеген жаңалығын бөлісті

"Екіге бөліндік". Жұлдызды отбасы күтпеген жаңалығын бөлісті
Фото: instagram.com/kuanysh_karlygash

Танымал жұлдызды отбасы, эстрада әншілері Қуаныш Құрманбаев пен Қарлығаш Мырзагелдиева күтпеген жаңалығын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қарлығаш Мырзагелдиева Желідегі парақшасында жолдасымен екіге бөлінгенін жазған. 

Алайда әнші бұлай жазу арқылы оқырмандарымен тек әзілдескен көрінеді. 

"Өмірде емес, инстаграмда. Қуекеме екіншісін бердік, енді өз парақшасын қыздырады бұйырса.
Сахнаға шықты, жылтыр костюмді киді, биледі де, өйтіп-бүйтіп дегеніме жеттім, тынышталдым.

Енді бұл парақшадан сіздер дуэттен, әншіліктен бөлек Қарлығашты көресіздер, менің ішкі әлемімді бұдан бетер жақындай түсесіздер бұйырса. Әдеттегідей шынайы, еш бүкпесіз жазбаларыммен қуанта беремін", - деп жазған әнші. 

Айта кетейік, бұған дейін "Біреу зорлап жатқандай сезімде тұрмын". Әнші Қарлығаш орамалын шешкені туралы хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Ең жылдам интернет қай елде?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә