Танымал актриса Айгүл Иманбаева белгілі продюсер Баян Алагөзова мен актер Дулыға Ақмолданың қарым-қатынасы туралы қызық жаңалық айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазір Баян Мақсатқызы мен Айгүл Иманбаева жаңа комедияның түсірілім алаңында бірге жұмыс істеп жүр. Бұл туралы Баян Алагөзова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
"7 қыркүйектен бастап "Көке" комедиясы Қазақстанның барлық кинотеатрларында көрсетілетін болады", - деп хабарлады ол.
Кинода Баян Мақсатқызы мен Айгүл Иманбаевадан бөлек, танымал актер Дулыға Ақмолда да басты рөлге бекітілген.
"Таңғы 7 жарымнан бастап мотор, бүгін түсірілімнің алғашқы күні ауыр болып жатыр. Бірақ комедия өте қызық. Ешқандай комедияға жетпейтін комедия болады. Басты рөлде Баян Мақсатқызы мен Дулыға Ақмолда, екеуінің арасында не бар екенін мен әлі білмеймін", - деп қызықтырып қойды Айгүл Иманбаева.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!