Жақында ажырасқан актер Жахан Отарғалиев жеке өміріне қатысты күтпеген мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі жақында Балжан Бидашпен ажырасқан болатын.
"Стамбулда таныстық, осында жүріп екеуміз біраз нәрсені армандағанбыз. Соның барлығы орындалды. Бірақ дәл осы сәтте мен онымен қоштасқым келіп тұр. Қиын екенін білемін. Жарты жыл өтіп кетті. Ешнәрсе өзгермейтінін білдім. Осы күнге дейін ол туралы бірде -бір әңгіме айтпадым, жамандамадым, эмоцияға берілмедім. Себебі шын сүйдім", - деді ол.
Оның айтуынша, екеуінің кездеспегеніне бір айдан асып кеткен.
"Касконтай, қош бол! Достар, енді маған ол туралы әңгіме айтпаңыздаршы. Әрі қарай жаңа өмір бастауым керек", - деп жазды ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз