Желі қолданушылары танымал әнші Балжан Бидаш пен футболшы Ұлан Қонысбаевтың керемет жұп болатыны туралы жарыса жазып жатыр. Әнші бұл туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Айта кетейік, Балжан Бидаш пен Ұлан Қонысбаев "Егіз-лебіз" бағдарламасында жұп болған еді.
""Әлі түсінбей жатқандар бар екен. "Егіз-лебіз" жобасынан біз шықтық. Енді Ұлан екеумізді бірге көрмейсіздер. Ұлан мен Балжанның сахнадағы жұптықтары осымен аяқталды. Бұл- Шоу! Жоба мақсаты екеуін әдемі жұп ретінде көрсеткісі келді. Жүзеге асқандай болды, өйткені бұл жұптың көрермені көп болды. Достар, біз финалға дейін барамыз деп ойладық. Бұйырмады, барынша тырыстық. Бірақ сіздердің қолдауларыңыз қатты болды, шулаттыңыздар, рақмет. Ұлан жарайсың, жасыл алаңнан сахнаға жарқ етіп, кіре салдың, бұл да ерлік! Алдағы жетістіктерің көп болсын", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!