Екі қаланың тұрғындарына ескерту жасалды

Қазгидромет екі қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"9 сәуірде Өскемен және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. 

Айта кетейік, Өскемен тұрғындары бұған дейін де ауа сапасы нашарлап кеткеніне бірнеше рет шағымданды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!