- Негізгі бет
- LifeStyle
- Егер кешкі 22:00-де...
Егер кешкі 22:00-де ұйықтамасаңыз...
Фото:
pixabay.com
Невролог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында кешке ерте ұйықтамау қандай салдарларға әкелетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігердің айтуынша, кешкі 22:00-де ұйықтамасаңыз және аз ұйықтасаңыз, ол мынадай салдарларға әкелуі мүмкін:
- Иммунитет түседі;
- Салмақты қалыпта ұстай алмайсыз;
- Жұмыс істеу қабілеті төмендейді;
- Күйзеліске шалдығасыз;
- Ерте қартаясыз.
Неліктен 22:00-де ұйықтау керек?
"Ағзадағы жасушалардың жаңаруына жауапты мелатонин гормонының бөлінуі, ағзаның қалыпқа келуі, детокс жүріп, толық күш жинау процесі тек терең ұйқыға кеткенде және осы уақыттан бастап жүреді", - дейді Ұлжалғас Сманова.
Оқи отырыңыз: Таңғы сағат 5-те ояну өміріңізді қалай өзгертеді?
А. Жапатова