Терапевт әрі профпатолог Светлана Бурнацкая душқа түсудің ең қолайлы уақытын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
"Душты қай уақытта түскен дұрыс деген сұраққа нақты бір әмбебап жауап жоқ. Таңертең бұл оянуға, сергіп, күндіз белсенді болуға дайындайды. Ал кешкі душ терді жуып, шаршауды басып, психологиялық тұрғыдан демалысқа ісер етеді. Гигиена тұрғысынан душқа кешке түскен дұрыс, әсіресе қала тұрғындары үшін", - деді дәрігер.
Сонымен қатар, оның пікірінше, ең тиімді тәсіл - кешке жылы душқа түсіп, ал таңертең аз уақытқа салқын суда сергіп алу.
Бурнацкая душқа түсу уақтын шешкенде адамның жеке ерекшеліктерін де ескеру қажет екенін айтты. Мысалы, ұйқысыздық мазаласа болса, кешкі тыныштандыратын душқа басымдық берген дұрыс, ал таңертең әлсіздік байқалса, сергітетін процедуралар пайдалы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!