"Дұрыс айтты". Қазаққа тұрмысқа шыққан орыс қыздың видеосы көпшілікті сүйсінтті

21 жастағы алматылық Алена Жақсылықова қазақ отбасына келін болып түскен. Ол күнделікті келіндік өмірін әлеуметтік желідегі парақшасында үнемі жариялап отырады. Жақында өткен отбасылық отырыстардың бірінде жариялаған бейнежазбасы көпшілікті таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап.

Аленаның айтуынша, ол видео арқылы күйеуінің атасы мен әжесі үйіне алғаш рет қонақ болғанын көрсеткісі келген. Олар дастархан басында әзілдесіп, әдемі әңгіме-дүкен құрып отырғанын көруге болады.

@yatsheva

?❤️

♬ оригинальный звук - Yatsheva

"Бұл менің жолдасымның туған күні еді. Оны отбасымызбен бәріміз атап өттік. Жеңгем екеуміз қонақтарға шай құйдық. Видеодағы диалог әпкеммен болған әңгіме еді. Ол жалпы тек тауық етін жейтін. Осы жолы қазы, жая жеп, дәмін көрді. Сосын менен "маған сүтпен шай құйдың ба?" деп сұрады. Сол кезде мен "бүгін ет жедің бе, онда сүтпен шай іш" деп шай ұсындым. Былай қарасаң, қарапайым нәрсе, бірақ әлеуметтік желіде танымал болып кетті, - деді ол.

Видео 4 миллионнан астам қаралым жинаған. Күйеуі естелік үшін түсірген бейнежазбаны достарының тобына да жіберген. Ал әлеуметтік парақшадағы жарияланған видеоға 700-ден астам пікір жазылған. "Бақыт, түсіністік, махаббат", "бір-бірін жақсы көретіні көрініп тұр","бақытты отбасы екен", "бастысы - отбасы бақыты, бақытты болыңыздар", - деп жазды желі қолданушылары.

Аленаның айтуынша, жолдасымен Алматы қаласында тұрады. Бес жыл бұрын танысқан олар осы жылы тойларын өткізген. 

@yatsheva

К счастью не жиза ?

♬ оригинальный звук - ☆☆☆Сам себе режиссёр ☆☆☆

"Біз бір ауданда тұрдық, 2018 жылдан бастап кездесіп жүрдік. Басында дос болып, кейін жұпқа айналдық. Сосын мен Ресейге оқуға кетіп қалдым да, арақашықтықта сөйлесіп жүрдік. Алыста болу бір-бірімізге қиындық тудырды. Сол үшін оқудан шықтым да, Қазақстанға оралдым. Жақында ғана үйлену тойын өткіздік. Шүкір, бақытты өмір сүріп жатырмыз", - деді ол.

Қазір ол SMM саласында қызмет етеді. TikTok парақшасында 100 мыңнан астам қаралушы жазылған. 

"Қазаққа тұрмысқа шығып, сол отбасыға келін болып түскесін кез келген видео желі қолданушыларының назарын аудартады. Олар әртүрлі пікір жазады, осы тақырып төңірегінде үнемі қызығушылық танытып, қарап отырады", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін "Алла маңдайыма қазақтың жігітін бұйыртқан екен". Орысшаға тілі келмейтінін айтқан Вера туралы жарияланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Президент Димаш Құдайбергенге не сыйлады?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз