“Дірілдеп-қалшылдап халықтың алдына шыққым келмейді“. Роза Рымбаева сахнадан кетуі мүмкін бе?

Kezdesu-дің кезекті қонағы - ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева. Өнер иесі сұхбат барысында тосын мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бұл есеп беру концертім - сахнада 50 жыл дегенім. Ал Рымбаева 80-де, сахнада 60 жыл дегенді елестетіп көріңізші. Мен елестете алмаймын, себебі концерттің сапасына сынмен қарайтын адаммын. Қазіргі жағдайым өте жақсы. Сондықтан екі концерт бергелі отырмын. Ал жасы келген адамның дауысы, физиологиясы, жалпы денсаулығы не болады? Ол белгісіз ғой. Атағым бар, халық біледі деп дірілдеп-қалшылдап, жартылай алжыған күйде халықтың алдына шыққым келмейді", - деді әнші.

Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube арнадан көре аласыздар.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!