Досыңыздың токсик екенін білдіретін 5 белгі

Досыңыздың токсик екенін білдіретін 5 белгі
Фото: ru.freepik.com

Токсик доспен қарым-қатынас кезінде тепе-теңдік бұзылады: сіз құрбан рөліндесіз, ал ол сізге эмоционалды қысым түсіреді және психологиялық зақым келтіреді. Токсик дос сізді одан басқа жақын дос жоқ екеніне және ешқашан болмағанына сендіреді және сізге тек жақысылық тілейтінін айтады. Мүмкін, ол бұған өзі де сенеді, бірақ оның сізге деген қарым-қатынасы қарама-қайшы нәрсені көрсетеді. Досыңыздың қандай әрекеттері сізді ойландыруы керек? 

Жеке шекараны құрметтемеу

Жеке шекара - көзге көрінбейтін сызықтар. Егер басқа адам бұл сызықтан өтіп кетсе, бұл біздің жан-дүниемізге жағымсыздық сыйлайды. Жеке шекаралар мораль, дін, мәдени норма, отбасылық оқиғалар және басқа да сіз үшін маңызды нәрселер болуы мүмкін. Токсик адамдар өз құрбанына психологиялық қысым көрсету үшін және оны әлсіз ету үшін мұндай заттарға әдейі құрметсіздік көрсетеді.

Троллинг

Токсик дос сіздің сырт келбетіңізге, салмағыңызға және жеке өмірдегі проблемаңызға қатысты ренжітетін сөздер айтып, дөрекі түрде ескертулер жасайды және сізді мазақтағанды, жәбірлегенді жақсы көреді. Ол сіздің жанды жеріңізді біледі. Сіз қорғана бастағанда ол "сен мені дұрыс түсінбедің, мен оны айтқым келген жоқ, сен осындай ренжігішсің және сезімталсың" деп өзіңізді кінәлі етіп тастайды.

Өсек айту

Токсик дос сіздің сыртыңыздан әңгіме айтқанды жақсы көреді, сіз жайлы жеке ақпараттармен бөліседі немесе басқаларға сізге қатысты қандай да бір нәрсені басқаша жеткізеді.

Онымен сөйлескеннен кейін күш қалмау

Токсик достық сіздің өзін-өзі бағалауыңызға жағымсыз әсер етеді. Токсик адам өз әрекетінің жауапкершілігін сізге ауыстыра салады, сізді кінә сезіміне батырады. Сіз онымен эмоционалды түрде қатты шаршайсыз.

Сізді өз қызығушылығына пайдаланады

Токсик адамдар біреуге манипуляция жасағанды жақсы көреді, сол арқылы өзіне бір пайда алуға және қандай да бір мақсатына жетуге тырысады.

Дереккөз: psychologytoday.com

Еске салайық, бұған дейін өтірік айтатын адам қандай сөздерді жиі айтатынын жазған болатынбыз.

А. Жапатова