3 шілдеден 3 тамызға дейінгі аралықта докторантураға құжаттар қабылданады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өтініш беру кезінде тек тестілеу орнын (қаласын) таңдауға болады. Ал тест тапсыру күні, уақыты және орны (мекенжайы) туралы ақпарат 9 тамызда жеке кабинетіңіздің "Менің іс-әрекетім" бөлімінде жарияланады.
Айта кетейік, өтініш қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 3 тамызға дейін білім беру бағдарламаларының тобына, тест тапсыру тілі мен орнына (қаласына) өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі. ДТЕ-ға қатысу құны 21 072 теңге тұрады.
- TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар ДТЕ басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тест тапсырады. Қосымша тестілеуді өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат 5 тамызда жеке кабинетіңізде қолжетімді болады. Қосымша тестілеуге қатысу құны 14 162 теңге тұрады;
- Міндетті түрде ҚАЗТЕСТ сертификатын және шет тілін меңгергенін растайтын сертификат ұсынуы керек;
- Докторантураға "магистр" дәрежесі және кемінде 9 ай еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген адамдар қабылданады;
- Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл - 75 балл, бейіні бойынша докторлар бағдарламасында шекті балл - 50 балл.
Докторантураға түсу емтиханына өтініштер www.app.testcenter.kz сайтында қабылданады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова