Джей Лоның концертінен кейін желіде шегіртке хит болды

Джей Лоның концертінен кейін желіде шегіртке хит болды
Фото: Видео кадры

Америкалық әнші Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертінде қызық жағдай болды. Бұл жайт әлеуметтік желілерде тез тарап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде жарияланған кадрларда жәндік әншінің көйлегінен мойнына өрмелеп бара жатқаны көрінеді. Алайда әнші қобалжымай, шегірткені алып тастаған.

"Мені қытықтады", - деп күледі әнші видеода.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tengri Almaty (@tengri.almaty)

Желі қолданушылары арасында бұл жағдай қызу талқыланып жатыр. Кейбіреулер "500 долларға (шамамен 269 500 теңге) шегіртке сатамын" деген жарнамалар да жасаған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget