"Астана Концерт" компаниясының продюсері Мәлік Хасенов Астанада өтетін Дженнифер Лопестің концертіне қатысты жаңалықтарды бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, билеттер 11 сәуірден бастап сатылымға шығады, оларды Freedom және Ticketon сайттарынан сатып алуға болады.
Мәлік Хасенов билеттер концертке бірнеше күн қалғанда берілетінін, ал бір адам төрт билеттен артық сатып ала алмайтынын айтты.
Еске салайық, бұған дейін америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің 1 тамызда Астанада өтетін концерті ел бюджетіне 400 миллион теңге кіріс әкелетіні хабарланды.
Кейінірек премьер-министр Олжас Бектенов 1 тамызға жоспарланған америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне қатысты пікір білдірді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова