Джей Ло, “Қайрат“-“Реал Мадрид“ матчі: қазақстандықтар үшін 2025 жыл несімен ерекше болды?

2025 жыл ел азаматтарының есінде несімен қалды? Ұлттық талдау орталығы жылды қорытындылау мақсатында Қазақстанның барлық өңірін қамтыған сауалнама өткізген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2025 қазақстандықтар үшін табысты жыл болды ма?

Сауалнамаға 1000 адам қатысқан. "2025 жыл сіз үшін қандай жыл болды?" деген алғашқы сұраққа респонденттердің біразы алдымен ойланып қалған. Оған қоса, сауалнама қорытындысы оң баға теріс пікірден 3,5 есе басым екенін көрсеткен:

  • Респонденттердің тек 11 пайызы 2025 жылды сәтсіз деп бағалаған;
  • 37 пайызы табысты жыл болғанын айтқан.
  • Респонденттердің басым бөлігі (52 пайызы) жылды жалпы тұрақты кезең ретінде сипаттаған.

2025 жыл қандай оқиғалармен есте қалды?

2025 жылғы жетістіктер туралы сөз қозғағанда, азаматтар спорт, технологиялар, цифрландыру, киноиндустрияны дамыту, өнеркәсіп, мектептер, ауруханалар және өзге де әлеуметтік нысандардың салынуы сияқты бағыттарды атаған.

Есте қалған ең жағымды оқиғалар

Азаматтардан 2025 жылдың ең жарқын әрі жағымды оқиғаларын атау сұралғанда, ең көп аталғандары мыналар болған:

  • "Қайрат"-"Реал Мадрид" арасындағы тарихи матч және спортшыларымыздың өзге де жетістіктері,

  • Әлемдік жұлдыздардың концерттері (J Lo, Backstreet Boys) және түрлі мерейтойлық шараларды атап өту (Абайдың 180 жылдығы, Жеңістің 80 жылдығы, Конституцияның 30 жылдығы, т.б.),

видео кадры

  • Жаңа мектептер мен ауруханалар ашылуы, инфрақұрылымды жақсарту (жолдар, қалалық абаттандыру, т.б.),
  • Жасанды интеллект саласындағы ірі жетістіктер (Alem.ai, суперкомпьютер, Higgsfield AI),
  • Президенттің халықаралық деңгейдегі кездесулері (Дональд Трамп, Си Цзиньпин, т.б.).

Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ президенті Дональд Трамп

Қазақстандықтардың 2025 жылға берер саяси бағасы қандай?

Азаматтардың 71 пайызы еліміз дұрыс бағытта дамып келе жатқанын айтқан. Қазақстандықтардың 77 пайызы Президенттің қызметін қолдайтынын жеткізген. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз