Әлемдік кино жұлдыз Джеки Чан және режиссер Роберт Кун жаңа ірі киножобаның негізгі түсірілім алаңы ретінде Маңғыстауды бекітті. Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәліметке сүйенсек, табиғи ерекшелігі үшін "Доспехи Бога" фильмінің түсірілім орны ретінде Маңғыстау өңірі таңдалған.
"Фильмнің Маңғыстауда түсірілуі Қазақстан киноиндустриясы үшін маңызды оқиға ретінде бағаланып отыр. Жоба еліміздің халықаралық кинематографиялық кеңістіктегі орнын нығайтып, өңірге инвестиция тартуға, сондай-ақ, креатив индустрия мен туризм әлеуетін дамытуға ықпал етеді", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық медиакомпания әлемдік актер Джеки Чан Алматыға неге келгенін айтты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!