Джеки Чан Алматыға неге келгені белгілі болды

Қазақстандық медиакомпания әлемдік актер Джеки Чан Алматыға неге келгенін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Медиакомпания қабырғасында әлемдік кинематография аңызы, актер, сценарист, режиссер және продюсер Джеки Чанмен жұмыс кездесуі өткен. Мәліметке сүйенсек, Алматыда ірі жобалар түсірілмек.

"Фильмнің негізгі бөлігі Қазақстанда түсіріледі", - деп жазылған мәліметте.

facebook.com/jackie

Еске салайық, бұған дейін желіде Джеки Чан "Алматыға келгені" туралы видео тарады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!