Қазақстандық медиакомпания әлемдік актер Джеки Чан Алматыға неге келгенін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Медиакомпания қабырғасында әлемдік кинематография аңызы, актер, сценарист, режиссер және продюсер Джеки Чанмен жұмыс кездесуі өткен. Мәліметке сүйенсек, Алматыда ірі жобалар түсірілмек.
"Фильмнің негізгі бөлігі Қазақстанда түсіріледі", - деп жазылған мәліметте.
facebook.com/jackie
Еске салайық, бұған дейін желіде Джеки Чан "Алматыға келгені" туралы видео тарады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова