Джеки Чан Алматыда жастармен кездесті

Бүгін Алматыда танымал актер Джеки Чан түсетін Armour of God: Ultimatum халықаралық көркем фильміне қатысты ресми рәсім өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәдениет және ақпарат министрлігі мәліметінше, кездесу барысында Джеки Чан Алматының талантты жас суретшілерімен, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері - жас кинематографистермен әңгімелескен. Ол жастарға шығармашылық жолда табыс тілеп, үздіксіз ізденіс пен өз ісіне деген сүйіспеншілік маңызды екенін айтқан.

Кездесу соңында балалар әйгілі актерге өздері салған портреттерді тарту еткен.

Іс-шара соңында қатысушылар дәстүрлі түсірілім тақтайшасымен естелік суретке түскен.

Суреттер: gov.kz

Айта кетейік, фильм түсірілімі биыл шілде мен қазан аралығында Қазақстан аумағында өтеді. Картинаның қоюшы режиссері - Роберт Кун. Негізгі түсірілім алаңдары Алматы қаласында, Алматы және Маңғыстау облыстарында орналасқан.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз