Әлеуметтік желіде танымал жұлдыз Димаш Құдайбергеннің тойда ән айтқан видеосы тарады. Димаштың ән шырқап тұрғанын парақшасына жүктеген желі қолданушысы оның бұл әрекетіне ренішін білдірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Димаш тойға шығып жүр. Бұл тірлігі үшін ұялмай ма? Концертіне толық зал көрермен жинай алатын адам мұндай отырыстардың деңгейіне түспеуі керек. Көңілім қалды", - деп жазды ол.
Бұл видеоға пікір жазушылардың ойы екіге бөлінді. Бірі шынымен бұл әрекеті дұрыс емес десе, енді бірі жақын досы үйленіп жатқан болуы мүмкін екенін жазды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!