Димаш Құдайберген танымал актерге көлік мінгізді

Димаш Құдайберген танымал актерге көлік мінгізді
Фото: instagram.com/oralov01/

Димаш Құдайберген қазақстандық актер Кемеңгер Оралға көлік сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

"Мен үшін сондай ерекше күн болды. Туған күнім, премьераның қуанышы… Ал сол күннің ең үлкен тосынсыйы - ағамның маған сыйлаған көлігі. Аға, сізбен бірге жүрген осы уақыт ішінде көп нәрсе үйрендім. Әрдайым қолдау көрсетіп, сенім білдіріп, еңбегімді бағалап келе жатқаныңыздың өзі - мен үшін үлкен бақыт. Бұл сіздің маған деген сеніміңіздің, адам ретінде, аға ретінде әрдайым қолдап жүргеніңіздің белгісі деп білемін. Ағайын, аңыз адамнан көлік алдым сыйлыққа, құттықтап қойсаңыздар болады!" - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KEMENGGER ORAL (@oralov01)

Желі қолданушылары актердің қуанышына ортақтасып, жылы лебізін арнады:

"Құтты болсын! Астыңда тозсын!", "Димашжан мәрт қой біздің, Атымтай жомарт", "Димаш, аман болшы! Тіл-көзден аман болшы", "Құттықтаймын!"

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget