Димаш Құдайберген Роза Рымбаеваға тосынсый жасады

Димаш Құдайберген Роза Рымбаеваға тосынсый жасады
Фото: Видео кадры

Қазақстанның Халық әртісі, әнші Роза Рымбаева сахнада өнер көрсетіп жүргеніне 50 жыл толды. Өнер иесі осы мерейтойға байланысты халық алдында есеп беру концертін өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кеште әншінің өнердегі інісі, шәкірті Димаш Құдайберген арнайы қонақ болып келіп, ақ тілегін жаудырды. 

"Ассалаумағалейкүм, қазақ елі! Қазақ өнеріне өлшеусіз үлес қосқан Роза Қуанышқызына сіздердің алдарыңызда мың рет тағзым істегім келіп тұр. Неге десеңіздер, жастайымнан маған Роза апайымыз рухани тұрғыдан ұстазымыз болды, үлкен өнеге көрсетті. Сізбен бірге талай мәрте сахнаға шыққан өзімді ерекше бақытты жан санаймын. Жасай беріңіз. Сіздің сахнада жүргеніңізге 50 жыл уақыт болыпты. Сіздің қартайғаныңызға жол бергіміз келмейді. Қазақ өнері үшін әлемге нұр шашып жүре беріңіз", – деді Димаш Құдайберген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aigul Mukei (@aigulmukei)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget