Қазақстан атын төрткүл дүниеге танытып жүрген танымал әнші Димаш Құдайберген жеке өміріне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі көпті толғандырған "қашан үйленесің?" деген сауалға жауап берген.
"Қазақстанға келгенде паспорт тексерісінен өткенде сол жердегі аға-әпкелерімізден бастап "Димашжан, қашан үйленесің?" дейді. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Ең бастысы таңдауыма өте тиянақты қарауым керек деп ойлаймын. Қатты сезімге беріліп, қыз баласының тағдырын ойрандаудан қорқамын. Қыздарымызды қатты қастерлегендіктен бе, бұл тақырыпқа басқаша қараймын. Үйленгеннен кейін соңына дейін сол кісімен бір жастықта қартаюды армандап, сонымен бақытты болып отыру керек", - деп жауап берді әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, Димаш Құдайберген 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбеде танымал әншілер Қанат Айтбаев пен Светлана Айтбаеваның отбасында дүниеге келген. Қазір әнші 31 жаста. Ол халықаралық байқауларда топ жарып, үлкен танымалдыққа ие болды.
Димаш Құдайберген Қазақстанның Халық әртісі атанған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова