Диетолог күзде пайдалы болатын бес тағамды атады

Күздің басында иммунитетті нығайту үшін ас мәзіріне асқабақ, алма, майлы балық, қоңыр күріш және жаңа піскен көк шөптерді қосқан жөн. Бұл туралы диетолог Ольга Ямилова РИА Новостиге айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маманның айтуынша, әсіресе қыркүйекте ағзаға аса мән беру керек. Ал асқабақ, кәді, сәбіз бен қызылша жасұныққа, бета-каротинге және калийге бай.

Диетолог алма, қара өрік, жүзім және шырғанақты да жиі тұтынуға кеңес береді. Бұл өнімдердің құрамында полифенолдар, антоциандар және С дәрумені бар.

Бұған дейін кардиолог Хосе Абельян кейбір өнімдерді шектен тыс тұтыну денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін екенін ескерткен. Оның сөзінше, тәтті сусындарды жиі ішу қант диабетінің даму қаупін арттырады. Ал қант диабеті қатерлі ісік пен жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдықтыруы мүмкін факторлардың бірі саналады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!