Тәттіні көп жеу балаларда қант диабеті мен семіздікке әкелуі мүмкін. Ал жаңа жылдық тәттілер арасында зияны қайсы? Бұл туралы lenta.ru-ға диетолог Алексей Кабанов айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қантты көп жеу - қазіргі таңда өте күрделі мәселе. Балалар үшін, ең алдымен, бұл диабет және артық салмақ жинауға әсер етуі мүмкін, өйткені балалар қанша тәтті жеу керегін бақыламайды", - деді Кабанов.
Маманның сөзінше, қант мөлшері бойынша бірінші орында - газдалған тәтті сусындар. Ал кәмпиттер мен жаңа жылдық сыйлықтардың құрамына назар аудару керек.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!